ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ СТЕНД АТУДАН ТАРИХИ АЛТЫН ЖҮЛДЕ

24.06.2026

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ СТЕНД АТУДАН ТАРИХИ АЛТЫН ЖҮЛДЕ

Қазақстан құрамасы стенд атудан тарихи жетістікке қол жеткізді. Юниорлар арасындағы әлем чемпионатында «трап» жаттығуы бойынша командалық жарыста еліміздің спортшылары алтын медаль жеңіп алды.

2026 жылғы 16–26 маусым аралығында Германияның Зуль қаласында өтіп жатқан ISSF юниорлар арасында әлем чемпионатында «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары алтын жүлдені жеңіп алды:

  • Милана Папчихина
  • Элеонора Ибрагимова
  • Мария Горун
Спортшыларды, жаттықтырушылар құрамын және осы жеңіске үлес қосқан барлық мамандарды шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, жарқын жеңістер мен толағай табыстарға жете берулеріңізді тілейміз. Еліміздің абыройын асқақтатып, көк Туымызды биікке көтере беріңіздер!

Бөлісу: