ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫ

НЫСАНА КӨЗДЕУДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА АЛТЫН ЖҮЛДЕ !

24.06.2026

НЫСАНА КӨЗДЕУДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА АЛТЫН ЖҮЛДЕ !

Зуль қаласында өтіп жатқан юниорлар арасындағы нысана көздеу бойынша әлем чемпионатында «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының спортшысы Асылым Жәкия 25 м Standard Pistol (әйелдер) жаттығуында тамаша нәтиже көрсетіп, алтынға қол жеткізді.

Бұл жоғары нәтиже спортшының дайындық деңгейінің жоғары екенін, оның шеберлігі мен табандылығын, жеңіске деген жігерін айқын дәлелдейді.

Спортшы мен жаттықтырушыларды осы жеңіспен құттықтаймыз және алдағы халықаралық жарыстарда жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!

Бөлісу: