Халықаралық конференция

11.12.2014

10-11 желтоқсанда «Сарыарқа» республикалық велотрегінде «ҚР Тұңғыш Президенті-Ұлт көшбасшысы сынамасын халықаралық тәжірибені зерттеу арқылы жетілдіру және халық арасында насихаттау» тақырыбына халықаралық конференция өтті.

Конференцияға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі Т.Есентаев және М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің физтәрбие кафедрасы ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі, ВФСК ГТО мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңес төрағасы В.Уваров қатысты.  Сондай-ақ Ресей Федерациясының Спорт министрлігі «ГТО» дене шынықтыру-спорт кешені бойынша сарапшылық комиссиясының өкілдері мен дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдардың өкілдері шақырылды.

Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитеттің негізгі міндеті 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1545 ҚР Үкіметінің Қаулысымен қабылданған ҚР халқының дене даярлығына Президенттік сынамаларды насихаттау болып табылады.   Бұл сынамалар кешені халықтың дене даярлығына мониторинг болып табылады, оның қортындылары бойынша салауатты өмір салтын дамыту және азаматтардың өмір сүру ұзықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмысқа баға беріледі. Халықаралық конференция барысында ресейлік мамандардан осы тақырып бойынша кеңестер мен ұсыныстар берілді, бұл қамтылған аспектілерді толығырақ қарастыруға мүмкіндік берді. 

 «Сарыарқа» велотрегінің баспасөз қызметі

Бөлісу: