Атырау қаласында таеквондодан 1-ші Азия Чемпионаты өтті

17.09.2018

Биылғы жылдың 7-9 қыркүйек аралығында Атырау қаласында таеквондодан «1st Asian Taekwondo Open Championship» бірінші ашық Азия чемпионаты өтті.

Аталмыш жарысқа 30 мемлекеттен келген 300-ге жуық спортшы қатысты. Жарыстың қорытындысына сәйкес ел намысын қорғаған таеквондошыларымыз төрт медальға қол жеткізді.

Нәтижесінде Меруерт Көпболсынова 67 келі салмақ дәрежесінде алтын медальды еншіледі. Ал «Сарыарқа» велотрегінің таеквондадан жаттықтырушысы Әлішер Бейсембай 54 келі салмақ дәрежесінде күміс медальды қанжығасына байлады.

12-14 жас аралығындағы кадеттер арасында Нұрымбетов Бекқали 37 келі салмақ дәрежесінде 2 орынды, ал Тілеуғабыл Әділ 45 келі салмақ дәрежесінде 3 орынды місе тұтты.

Ендеше, татамидің тілін тапқан палуандарымызды жемісті жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта алар асулары биік болсын демекпіз.

Велосипед спортынан олимпиадалық

даярлау орталығы» РМҚК баспасөз қызметі

Бөлісу: