Жаңалықтар
Спорт күніне орай турнир өтті
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес спорт саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі тамыз айының әрбір үшінші жексенбісінде аталып өтеді. Осыған орай бұл күні Қазақстанның түкпір-түкпірінде іс-шаралар тиісті деңгейде ұйымдастырылады.
Жыл сайын дәстүрлі түрде денсаулықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту мақсатында Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығында қызметкерлер арасында Спорт күніне арналған турнир өтеді.
Іс-шараның бағдарламасына сәйкес бүгін 16 команда шахмат, үстел теннисі, волейбол мен мини-футболдан өзара бақ сынасты. Олар: Мәдениет және спорт министрлігінің орталық аппараты, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Туризм индустриясы комитеті, Тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыс комитеті, ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті, Олимпиадалық даярлау орталығы, Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы, Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы, Қ.Мұңайтпасов атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты, Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық оқу-әлістемелік және аналитикалық орталық, Мүмкіншілігі шектеулі тұлғаларды спорттық даярлау орталығы, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы, Күрес түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы, Астана қалалық Мәдениет және спорт басқармасы, «КазСпорт» телеарнасы және «СпортИнформ» порталы.
Жарыс барысында өзінің қарым-қабілетін көрсетіп, ойынның көркін қыздырған, жеңіске жетуге барлық күш-жігерін салған командалар жүлделі орындарды иеленді. Барлық жеңімпаздар арнайы дипломмен, медальмен және кубокпен марапатталды.
Жеңімпаздар тізімін назарларыңызға ұсынамыз:
Шахмат:
1 орын – Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы;
2 орын – Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы;
3 орын – Олимпиадалық даярлау орталығы.
Үстел теннисі:
1 орын – ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті;
2 орын – Спорт және дене шынықтыру істері комитеті;
3 орын – Қ.Мұңайтпасов атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты.
Волейбол:
1 орын – Қ.Мұңайтпасов атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты;ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті;
2 орын – ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті;
3 орын – Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы.
Мини-футбол:
1 орын – Қ.Мұңайтпасов атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты;
2 орын – Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы;
3 орын – Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы.
Жалпыкомандалық нәтиже:
1 орын – Спорт және дене шынықтыру істері комитеті;
2 орын – Олимпиадалық даярлау орталығы;
3 орын – Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы.
Велосипед спортынан олимпиадалық
даярлау орталығы» РМҚК баспасөз қызметі