Бақылау жаттығуларынын нәтижелері

01.04.2020

Елімізде енгізілген карантин кезіндегі шектеулерге байланысты 26-28 наурыз аралығында велосипед спортынан олимпидалық даярлау орталығының велошабандоздары өз аймақтарында үй жағдайында бақылау жаттығуларын жүргізді.

Жаттығу жұмыстары Ақмола, Алматы, Павлодар, Қарағанды облыстары мен Нұр-Сұлтан, Орал және Тараз қалаларында жүргізілді. Айта кетейік, оқу-жаттығу процестері аға жаттықтырушылардың тікелей бақылауымен өтті және алдағы уақыттарда жаттығу жұмыстары әр спортшыға жеке жазылған жоспар бойынша орындалады.

Аталмыш жұмыстардың спортшының физикалық жағдайын қалыпта ұстап, тұрақты дамуы үшін аса қажет екендігін ескеру қажет. Келесі құжаттан спортшылардың бақылау жаттығуларының нәтижелерін көре аласыздар.

КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ "ВЕЛОСИПЕД СПОРТЫНАН ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫ" РМҚК СПОРТШЫЛАРДЫҢ БАҚЫЛАУ-ТЕСТІЛІК ЖАТТЫҒУЛАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

Бөлісу: