Жаңалықтар
«QAZAQSTAN» ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАЛЫҚ СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ
25.04.2026
«QAZAQSTAN» ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАЛЫҚ СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ
«Таза Қазақстан» және «Таза қала» экологиялық акциялары аясында «QAZAQSTAN» жеңіл атлетикалық спорт кешенінің қызметкерлері қалалық сенбілікке белсене қатысты.
Іс-шара барысында олар велотрек аумағы мен оған іргелес қоғамдық кеңістіктерді қоқыстан тазалап, сондай-ақ абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына атсалысты.
Мұндай бастамалар қоршаған ортаны қорғауға, қаланың тазалығын сақтауға және халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға елеулі үлес қосады.