ХЭФЭЙДЕ БАЙДАРКА МЕН КАНОЭ ЕСУДЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ

27.04.2026

ХЭФЭЙДЕ БАЙДАРКА МЕН КАНОЭ ЕСУДЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ

Қытайдың Хэфэй қаласында Лос-Анджелес Олимпиадасына іріктеу кезеңі саналатын Азия чемпионатының шешуші жарыс күні өтті.

Жарыстың соңғы күнінде Қазақстан құрамасы қоржынына тағы 3 күміс және 4 қола медаль қосты. Жүлделер арасында «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары да болды.

Күміс медаль:
• Байдарка, 5000 метр – Стелла Суханова
Қола медаль:
• Каноэ, 500 метр (микст) – Қазақстан құрамасы (Руфина Искакова)
• Байдарка, 500 метр – Стелла Суханова
• Каноэ, 5000 метр – Мария Бровкова
• Байдарка, 500 метр (әйелдер командасы) – Қазақстан құрамасы (Стелла Суханова)

Стелла Суханова бұл чемпионатта ең көп жүлде алған ескек есушілердің қатарынан орын алды. Оның еншісінде 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль болды.

Қазақстандық спортшыларды жеңіспен құттықтаймыз!

Бөлісу: