Жаңалықтар
Спорт және дене шынықтыру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға арналған кеңес
2019 жылғы 12 тамызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті және оның қарамағындағы ұйымдармен біріккен кездесуі өткізді.
Кеңес барысында 2018-2019 жылдары спорт және дене шынықтыру саласындағы сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыс нәтижелері талқыға салынды.
Спикер ретінде Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Сәпиев Серік, заң бөлімінің бас сарапшысы Динара Абарова, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Балғабеков және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Шабдар Нұрлан сөз сөйледі.
Агенттіктің 1-ші департамент басшысының орынбасары Бауыржан Балғабековтің мәлімдеуінше, статистика бойынша 2018-2019 жылдары құқық қорғау органы осы саладағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты сотқа дейінгі 36 тергеу жұмыстарын жүргізген.
Баяндамашы олардың негізі ұрлық, жеке бас билігін асыра пайдалану және парақорлыққа байланысты екенін атап өтті.