Таеквондо секциясының спортшылары жүлделі орындарды иеленді

17.05.2019

1-5 мамыр аралығында Қызылорда қаласында соғыс ардагері Мұсахан Қалмахановты еске алуға орай таеквондодан халықаралық турнир өтті.

Дүбірлі додаға 500 спортшы қатысты. Тартысты бәсекенің нәтижесінде орталықтағы таеквондо секциясының спортшылары 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медальға қол жеткізді.

Тілеубай Әбдiл Марсело Лопез (30 келі) пен Әлихан Рахымжанов (34 келі) 1 орынды қанжығасына байлады. Ал Балнұр Қауымбай (34 келі), Элонора Шералы (28 келі) 2 орынды, Адема Бейбітқызы (34 келі), Санжар Әбдікәрім (30 келі) 3 орынды місе тұтты.

Ендеше, жеңімпаз ұл-қыздар мен бапкерді үздік нәтижемен құттықтаймыз! Алдағы уақытта алар асулары әрі шығар белестері көп болсын! 


Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі


Бөлісу: