«Нұр-сұлтан» олимпиадалық даярлау орталығы»: «Әйелдер күресі»

06.05.2021

Құрметті спорт сүйер қауым, сіздерді біздің орталықтың спорт түрлерімен таныстыруды жалғастырамыз. Бүгін сіздерге әйелдер күресі туралы ақпаратты ұсынамыз.

Әйелдер күресінің даму тарихы

Бастапқыда күрес тек ерлердің спорты болып танылды. Әйелдер сирек күрес түрімен айналысқан, дегенмен де әйелдер балуандары туралы әртүрлі тарихи кезеңдерден алынған дәлелдер бар (бізге ең көне және ең танымал әйелдер балуандары-спартандық қыздар болып танылған).

Өркениет дамыған сайын, ер адамдарға еліктеп әйелдер біртіндеп ерлер ойлап тапқан спорт түрлерімен айналыса бастады. Күрес түрлерінің  кейбіреулеріне әйел денесінің ерекшеліктеріне бейімдеп, ережелерге шағын өзгерістер енгізілді. Түрлі спорт түрлерімен айналыса отырып, әйелдер ерлерге тән жаттығу құралдарын да қабылдады.

ХХ ғасырдан бастап әйелдер күрес жарыстарына белсенді қатыса бастады. ХХ ғасырдың екінші жартысында еркін күрес әйелдер арасында ең танымал спорттық жекпе-жектің біріне айналды. 1980 жылдары әйелдер арасындағы еркін күрес әлемнің түкпір-түкпірінде мойындалды және 2004 жылы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізіліп, үшінші әйелдер арасындағы олимпиадалық жекпе-жегі болып танылды.

FILA Халықаралық күрес федерациясы 1912 жылы құрылды және 130-дан астам ұлттық федерацияларды біріктірді. 2014 жылдың 7 қыркүйегінде Ташкенттегі FILA конгресінде Халықаралық федерацияның негізгі атауы United World Wrestling (ағылш. - "Біріккен күрес әлемі») болып қабылданды.

Алғашқы Әлем чемпионаты 1987 жылы Норвегияның Лоренског қаласында өтті. Бұл жарыста барлық алтын медальдарды Еуропалық әйелдер жеңіп алды. Содан бері әйелдер күресі бойынша ұлттық командалардың саны жыл сайын артып келеді, осыдан кейін жеңімпаздар тек Еуропалық әйелдер болып саналмайтын болды.

Қазіргі уақытта әйелдер күресі қарқынды дамып келеді, әсіресе 2004 жылы Афиныдағы Олимпиада ойындарында, 2012 жылы Лондон Олимпиада ойындарында және 2016 жылы Рио Олимпиада ойындарында әйелдер күресі спорт түрінен көптеген медальдарды жеңіп алды. Әйелдер күресі тек университеттерде, колледждерде, техникалық мектептерде және орта мектепте ғана емес, жасөспірім қыздар арасында да танымал бола бастады. Жасөспірім қыздар күресі оте қарқынды дамуда, өйткені бұл жаста қыздар ұлдардан кем түспейді және оларды жиі жеңеді.

Қазақстандағы әйелдер күресі

Бүгінгі таңда Қазақстан үшін әйелдер күресі танымал, бірақ та дәстүрлі спорт түріне айналып үлгерген жоқ, бірақ біздің спортшыларымыз әйелдер күресінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Әйелдер күресі 2007 жылы Бакуде өткен Әлем чемпионатында әйелдер құрамасының алғашқы сәтті ойынынан кейін қарқынды дами бастады. Бұл жарыста Ольга Смирнова күміс медаль алса, Елена Шалыгина мен Ольга Жәнібекова «қоладан» Қазақстанға алып кетті.

2008 жылы Олимпиада ойындарында қыздардың көптен күткен дебюті өтті. Бейжіңде Олимпиаданың қола медалін Елена Шалыгина жеңіп алды.

2012 жылы Лондондағы Олимпиада ойындарында қола жүлдегер атанған Гузель Манюрова болды.

2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Гузель Манюрова және 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдегерлер Екатерина Ларионова мен 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Эльмира Сыздықова Олимпиада қоржынына қомақты үлес қосты.

Әйелдер күресінен Қазақстан Республикасы құрама командасы  Токио-2021 Олимпиада ойындарына үш лицензия жеңіп алды:

  • 50 келі - Валентина Исламова-Брик;
  • 53 келі - Татьяна Азметова-Аманжол;
  • 76 келі- Эльмира Сыздықова.

Осы аптада біздің қыздар 6-9 мамыр аралығында Болгария астанасы Софияда өтетін біліктілік турнирінде төмендегі салмақ дәрежесінде медальдарға таласады:

  • 57 кг-Алтынай Сатылган
  • 62 келі-Айна Теміртасова
  • 68 келі-Жәмила Бақбергенова.

Бізде жыл сайын жалпы күрес түрлерінен және әйелдер күресінде қазақстандық спорттың жоғары деңгейін дәлелдейтін көптеген мықты спортшылар бар,  бұған қоса жаттықтырушылар құрамы да жаңа жеңімпаздарды тәрбиелеуге қарқынды күш салуда. Тәжірибелі білікті жаттықтырушылардың басшылығымен әйелдер күресінде спортшыларымыздың саны жыл сайын артып келеді.

«Нұр-Сұлтан» олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК
Әйелдер күресі бөлімі

«Нұр-Сұлтан» олимпиадалық даярлау орталығында» әйелдер күресі бөлімі жұмыс істейді. Бұл бөлім спортшылардың спорттық шеберлігін арттырумен, оларды халықаралық спорт аренасында табысты өнер көрсетуге дайындаумен айналысады. Дайындық екі жас бойынша жүргізіледі - юниорлар мен кадеттер.

«Нұр-Сұлтан» ОДО» оқу-жаттығу процесін төмендегі кісілер жүзеге асырады:

Серік Алшымбаев - жастар арасында әйелдер күресінен

аға жаттықтырушы, жоғары санатты жаттықтырушы,

«КСРО спорт шебері».



Надежда Алимбетова - жасөспірімдер арасында әйелдер күресінен

аға жаттықтырушы, жоғары санатты жаттықтырушы,

«ҚР спорт шебері».



Мируерт Дынбаева - кадеттер арасында әйелдер күресінен

аға жаттықтырушы, жоғары санатты жаттықтырушы,

«ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері».



Бақытжан Сайлауов - қыздар арасында әйелдер күресінен

аға жаттықтырушы, жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы,

«ҚР спорт шебері».



Бөлімше құрамында 15-20 жас аралығындағы 40 спортшымыз бар, оның ішінде Қазақстан Республикасы чемпионаттарының және халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылатын ҚРСШ – 4 спортшымыз, СШҮ – 36 спортшымыз бар.

Азия чемпионатының әртүрлі жас топтарында жүлдегерлер иелері: Зайцева Александра, Раймова Нилуфар, Баянова Зейнеп, Шагаева Алтын, Ганикызы Лаура, Зунова Мөлдір, Кайбуллаева Әсем, Өмірбек Шұғыла, Сабыржанова Жибекжан.

Бөлісу: