Орталықтың секция тәрбиеленушілері республикалық турнирде жүлдеге ие болды

10.04.2019

2019 жылдың 5-7 сәуір аралығында таеквондодан Алматы қаласында «Champion» республикалық турнирі өтті.

Аталмыш жарысқа секция тәрбиеленушілерінен бөлек, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 1500-ге жуық спортшылар қатысқан болатын. Екі күндік тартысты доданың нәтижесінде таеквондошылар 8 алтын, 6 күміс, 4 қола медальға қол жеткізді.

Әлішер Ақби (45 келі), Еркін Мейр (38 келі), Даруна Бейсенбекова (30 келі), Адема Бейбітқызы (31 келі), Құралай Мұханова (34 келі), Нариман Бауыржан (51 келі), Амира Байғазина (41 келі), Меруерт Көпбосынова (67 келі) 1 орынды иеленсе, Гүлдана Жұматай (57 келі), Әлихан Рахимжанов (34 келі), Адиля Нұрлан (28 келі), Аружан Құдайбергенова (33 келі), Элеонора Шералы (28 келі), Асылтас Бажан (44 келі) 2 орынды қанжығасына байлады. Ал Шерхан Шералы (19 келі), Сүлейман Болатбек (24 келі), Батырхан Әлібек (26 келі), София Чилманова (+36 келі) 3 орынды місе тұтты.

Сондай-ақ, дүбірлі сындағы спортшылардың жемісті жетістік көрсетуіне орталықтың бапкері Әлішер Бейсембайдың еңбегі зор.

Ендеше, жеңімпаз ұл-қыздар мен бапкерді үздік нәтижемен құттықтаймыз! Алдағы уақытта алар асулары әрі шығар белестері көп болсын! 


Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі 




Бөлісу: