Жаңалықтар
Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған БАҚ арасында шағын футболдан республикалық турнир
2016 жылдың 2 шілдесінде Велоспорт бойынша Олимпиадалық даярлау орталығының шағын футбол алаңдарында Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан республикалық турнир өтеді.
Бұл турнир 1995 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді және жылдан жылға интернет порталдар, газеттер, журналдар, радио және теледидар қызметкерлері арасында үлкен танымалдылыққа ие болды. С.Бердіқұлов мемориалын алғаш рет Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі ұйымдастырды. Бірақ 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі бұл жарыстарды өз «қанатына» алды. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган сондай-ақ 1995 жылдан бастап өз бұқаралық ақпарат құралдарында спорт тақырыбын көрсетуге маманданған қазақстандық журналистер арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлыққа республикалық байқау өткізіп келеді.
Осы турнир аясында 2 шілдеде 2015 жылғы байқау қорытындысы бойынша лауреат журналистерге С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтарды табыстау жоспарлануда!
Дәстүр бойынша бұл турнир С.Бердіқұловтың туған күні – 8-9 мамырда Алматыда өтті. 2014 жылдан бастап мемориалды Астанада өткізу туралы шешім қабылданды, өйткені барлық орталық БАҚ елордада орналасқан және жұмыс істейді. Бұл ретте бұл старттарға тағы да облыстық басылым өкілдерінің қатысуы жоспарлануда. Қатысушылардың географиясы жылдан жылға артып келеді.
2011 жылы Шымкент қаласында (ОҚО) Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі С.Бердіқұловты еске алуға арналған Қазақстанның БАҚ арасында спорттың 5 түрінен Бірінші Спартакиада өткізді. Өткен жылы Орал қаласында (БҚО) ІІ Спартакиада өтіп, оған спорттың 9 түрі кірді. Журналистер арасындағы бұл кешенді жарыстар төрт жылда бір рет өткізіліп, спартакиада бағдарламасындағы спорт түрлерінің саны арта түспек.
Басты жеңімпаздардан бөлек, шағын футбол турнирін ұйымдастырушылар 5 номинация бойынша үздік ойыншыларды да марапаттайды. Турнирдің үздік төрешілері мен осы бұқаралық спорттық шараның өтуіне зор үлес қосқандар марапатсыз қалмайды.
Бұл турнирге Қазақстан спорт баспасөзі қауымдастығы, Велоспорт орталығы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының әкімшілігі және турнирдің демеушілері қолдау көрсетеді.
Ардақ Тоғымов, Астана
Ұйымдастыру комитеті
87172 911529,
87013671834