БАҚ Орталық туралы

Барлығы алаңда

29.07.2014

2014 жылғы 26 шілдеде «Сарыарқа» Республикалық велотрегі кешен әкімшілігі тоқсан сайын өткізетін ашық есік күні шеңберінде балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында мини-футбол бойынша турнир ұйымдастырды.

Турнир кубогы үшін Светоч балалар үйінің және Ақкөл қаласы балалар үйінің командалары күресті.

Бұл турнир «Сарыарқа» Республикалық велотрегі» РМҚК өкілі Әбдрахманов Серік Жұмағазыұлы алғашқы сөзімен ашылды:  «Мини-футбол бойынша турнир қатысушыларына қош келдіңіздер деймін! Біз үшін мұндай турнирлерді өткізу дәстүрге айналды. Біз  өсіп келе жатқан ұрпақ үшін турнирлерді, тегін акцияларды, эстафеталарды, жарыстарды өткізуміз бірінші жыл емес. Жақын арада біз бүгінгі қатысушыларды қуанышпен шақыра алатын дала мини-футбол алаңдарын ашамыз».

Бұл ойында жеңіс Ақкөл қ. балалар үйінің командасына берілді, жеңімпаздар Кубокпен, «Астана» ФК футболистерінің қолы қойылған доппен марапатталды. Екінші орын да назарсыз қалған жоқ. Светоч балалар үйінің жеткіншектері Республикалық велотрегі әкімшілігінен мини-футболға арналған кәсіби доп алды. Сондай-ақ турнир аяқталғаннан кейін барлық балаларға «тәтті» сыйлықтар таратылды.

Төрешілер турнирдің үздік ойыншыларының кандидатуралары шығарды: Капизов Жаслан Ақкөл қ. № 1 Балалар үйі және Ян Шмаков «Светоч» балалар үйі.

«Сарыарқа» Республикалық велотрегі» РМҚК  әкімшілігі іс-шара қатысушыларына,  тәрбиеленушілеріне және қонақтарына алғыс білдіреді!

 Светлана ЧЕМАРМАЗОВИЧ,
«Спорт»

Бөлісу: