Сербия кросстан әлем чемпионатына қатысатын Астана ОДО спортшыларын қабылдады

28.03.2024

Ағымдағы жылдың 28-31 наурызында Сербия Республикасының астанасы Белград қаласында кросстан әлем чемпионаты өтті.

Чемпионатқа «Астана» Олимпиадалық дайындау орталығының (ОДО) төрт спортшы мен бір жаттықтырушыдан тұратын командасы аттанды.

Команда құрамы:

1. Айана Болатбекқызы

2. Сания Құдайберген

3. Ақбаян Нұрмәмет

4. Айбол Омар.

Команданың жаттықтырушысы Е. М. Сепбосынов.

Аталған спортшылар және олардың жаттықтырушысы әлемдік аренада Қазақстанның атынан қатысып, жоғары дайындық деңгейін және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті. Чемпионат барысында өздеріне деген сенімділікті, талантты және табандылықты қатар алып жүрген бұл спортшылардың әрқайсысы ең мықты деген қарсыластарына нағыз жарысты көрсете білді.

Бөлісу: