БАҚ Орталық туралы

Астанада Қазақстан мен Қытай кикбоксшыларының матчтық кездесуі өтті

30.07.2014

Қазақстандық кикбоксинг мектебі тек Орталық Азияда ғана емес, сондай-ақ барлық континентте лидерлердің бірі болып табылады. ХХ ғасырдың 90-жылдарының басында кикбоксинг меценаты мен жанкүйері Сабыржан Махметов құрған және одан әрі «дамытылған» қазақстандық кикбоксинг халықаралық жарыстарда спорттың ойын-сауық түрлеріне айналды.

Біздің «файтерлер» 25 жыл ішіндегі жеңістерімен  әлемнің барлық 5 континенттерінде өздерімен санасуға қол жеткізді. Асқар Қоханов, Асқар Можанов, Ержан Шегенов, Асылхан Бусурманов, Елмұрат Қайыпжанов, Мақсұт Ибраев сияқты Қазақстанның кикбоксшыларының аттары кикбоксингтің барлық әлемдік қоғамдастығында әйгілі.

Қазіргі уақытта әлемдік кикбоксинг әлемнің 100-ден аса елдерінен ұлттық федерацияларды біріктіреді. Бұл сан жылдан жылға өсуде. Азияның Олимпиада Кеңесі (АОК) аталған спорт түрін  келесі жазғы Азия ойындарының бағдарламасына қосуға айқын кандидат ретінде қарауда. 2007, 2009, 2011 және 2013 жылдарда кикбоксинг бойынша жарыстар «кіші Азиада» бағдарламасында -  жабық ғимараттарда Азия ойындарында және кикбоксинг әскери өнері бойынша Бүкіләлемдік ойындарда өткізілді. Біздің осы дисциплинаны кикбоксинг ретінде жазғы Олимпиада ойындарында көретін күнімізде алыс емес деп ойлаймын.

Қазақстанның ұлттық кикбоксинг федерациясы осы спорт түрін балалар мен жасөспірімдер арасында дәріптеу үшін барынша күш-жігер қосуда. Әуесқойлық және кәсіби кикбоксингпен айналысатын көпшілік саны артуда. Осының салдарынан, көпшіліктен шеберлікте көрінеді. Әр түрлі жастағы және салмақтағы Қазақстанның құрама командалары өз Отанын әлемге таныта отырып және елінің әнұранын құрмет тұғырында ойната отырып, көптеген халықаралық старттарда табыспен шығады!

Ел құрамасына кандидаттарды және Қазақстан командаларының  жауынгерлік қабілеттіктерін қарау мақсатында Қазақстан Республикасы спорт істері жөніндегі агенттігі, Астана қаласы Әкімдігі, Қазақстанның Кикбоксинг федерациясы, Қазақстанның құрамасының бапкерлік кеңесі «EXPO-2017»  ұлттық компаниясының қолдауымен Қазақстан мен Қытай құрама командаларының кикбоксшыларының арасында матчтық кездесу ұйымдастырды.

Қытайлық команда атынан біздің сарбаздар үшін спарринг-партердің таңдалуы кездейсоқ емес. Аспан асты елінің спортшылары мен бапкерлері өз Отанындағы кикбоксингті өте тез алға жылжытуда. Спортшылардың саны туралы айтудың да қажеті жоқ – Қытайда барлығы ондықпен, жүздікпен мыңдықпен өлшенеді. Біздің шығыс көршілерімізде спорт атап айтқанда, кикбоксинг  лайықты деңгейде. Азиялық кикбоксингті дамытумен Қытайдан басқа, Вьетнам, Иран, Өзбекстан, Тайланд, Қырғызстан сияқты елдер де айналысуда. Сондықтан алдағы Азия ойындарындағы бәсекелестік («үлкен Азиядаға» үміттенеміз) өте жоғары болады.

Есептік, тіпті жолдастық кездесуге Қазақстанның бас бапкері Қайрат Смағұлов өзінің 7 сарбаздарын іріктеп алды.

Ендеше, Астана, 2014 жылғы 26 шілде, «Даулет» спорт кешені. Трибунаға көптеген көрушілер – мыңнан астам кикбоксинг жанкүйерлері мен әуесқойлары жиналды. Бұл спорт кешеніне теннис, күрес түрлері және бокс сияқты олимпиадалық түрлердің өзіне де әдетте осыншама адам жинала қоймайды.

Ашылу салтанатынан кейін жартылай жеңіл салмақты – 60 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесіндегі өкілдер бірінші болып күреске түсті. Қазақстан құрметін қорғауға рингке Шыңғысхан Тлемисов шықты. Оның қарсыласы және қытайлық оппонент - Ван Венфенг. Барлық 3 раунд ағымында артықшылық және ойын басымдылығы қазақстандық спортшы жағында болды. Соңында барлық бүйір төрешілері жеңісті сөзсіз біздің отандасымызға берді (3:0). Келесі салмақта (65 кг-ға дейін) минималды жеңіс (2:1), төрешілердің даулы шешімімен қонақтарға, атап айтқанда біздің Қанағат Нұрғалиевті жеңген Ши Шуангқа берілді. Екі күрестен кейін кездесу есебі 1:1 болып теңелді.

 67 кг-ға дейін ең «алтын» біздің қазақстандық салмақта Ерсаин Қасамбаев минималды артықшықыпен (2:1) ринг бойынша өз қарсыласы Вэй Руйды жеңілуге мәжбүрледі. 70 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде павлодарлық файтер, 2013 жылғы Инчхондағы (Оңтүстік Корея) жабық ғимараттардағы Азия ойындарының қатысушысы және жүлдегері  Артур Саурбаев төрешілердің бірауыздан шешімімен (3:0) сырт пішініне қарағанда үлкен көрінетін Қытай чемпионы Жанг Деженгті жеңді.

Келесі орташа салмақта (75 кг) Мерген Билялов қазақтың қонақжайлылығын көрсетіп, өзінің Қытайлық қарсылаы Сун Вейчаоға жеңісті (1:2) берді. Осы күрестен кейінгі сериядағы есеп 3:2 болып біздің командамыздың пайдасына енді.

80 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесінде біздің құраманы атақты және команда ардагері Шымкенттік Бабыр Артықбаев ұсынды. Әдетте Бабыр 75 кг-ға дейін салмақта шығады, алайда бапкерлік штаб оған өзін аса ауыр салмақ дәрежесінде сынап көруді сеніп тапсырды. Артықбаев осы жолы да абыроймен шықты. Бабыр раундтан раундқа өз қарқынын арттыра отырып, тартысты 3:0 есебіне жеткізіп, қарсыласы Лиу Дашынды жеңді.

90 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесіндегі кештің соңғы көріністі күресін көре алмады. Қытайлық спортшы Танг Ишанды жаттығуларда алған зақым салдарынан дәрігерлер жарыстан шығарды. Техникалық жеңіс біздің кикбоксшыға Асхат Жантұрсыновқа берілді.

Жолдастық кездесу Қазақстандық құрама пайдасына 5:2 есебімен аяқталды.

Матчтық кездесу хаттамасы

Ардақ Тоғымов, ҰШК  және СҚД баспасөз хатшысы

Бөлісу: